Ұлттық кітапханада "Отбасы берекесі" кітабының таныстырылымы өтті. Еңбек авторы – ұлттық дәстүр мен рухани жаңғыруды дәріптейтін белгілі қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қоғам қайраткері кітабында қазақ отбасындағы тәрбие, ата-ана мен ұрпақ арасындағы сабақтастық және отбасылық берекені сақтау мәселелерін жан-жақты қарастырды.
.jpg)
.jpg)
Кеңес одағы кезінде ұлттардың психологиясы, олардың өзіне тән тәрбиесі айтылған жоқ. Советтік психология болды. Советхан Ғаббасов ағамыз орыс ғалымы Власовтың "Ұлттық психология керек емес, советтік психологияның ғана материалы болуы керек" деген сөзі барын айтады. Сондықтан біз Абайдың, Шәкәрімнің, Мәшһүрдің жан туралы айтқанын оқыған жоқпыз, - дейді автор.
Оразкүл Асанғазының айтуынша, "Отбасы берекесі" сол олқылықтың орнын толтыру үшін толықтай ұлттық психологияға негізделіп жазылған еңбек.
Мысалы құрсақ шашу қазақтан басқа қай жерде бар? Бізде енелер келінімен ұрыспаған. Енелер келіні бала көтерсе, құрсақ шашу берген. Өзі түгіл абысын-ажындарын шақырып, "менің келінім болашақ ұрпағымды көтерді, бұның көңілін көтеріңдер, жерік асын қандырыңдар" деген. Өйткені ұрпақтың дені сау болу керек деп ене мәселе көтерген. Ал қазіргі енелер оны біле бермейді, - деді ол.
Автор кітапты 3 мың дана таралыммен шығарып, республикалық маңызы бар 3 қалаға бөлгенін айтты.
.jpg)
.jpg)