«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс съезінде партияның құрғақ уәде мен жалаң ұрандардан арылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өткен жыл партиямыз үшін сынаққа толы уақыт болғанын өздеріңіз білесіздер. Тіпті партия жұмысына күмәнмен қарағандар да болды. Сол сынақтан, сыннан абыроймен өттік. Шыйқалған жоқпыз, теңселген жоқпыз. Ыдыраудың орнына ынтымағымыз артты. Қатырымыз көбейді. Соңғы 9 айдың ішінде 30 мың қазақстандық партиямызға мүше болды. Олар өз жүрек қалауларымен келді, - деп айтты Қошанов.
Партия төрағасы партияның жаңа мүшелері елде оң өзгерістер болып жатқандықтан келгенін айтады.
Біз кемшіліктер мен қателіктерімізді мойындауға парасатымыз жететінін көрсеттік. Жетістіктеріміз бен жеңістерімізді мойындауға шамамыздың жететінін дәлелдедік. Партияға түпкілікті трансформация жасадық. Бұрынғыдай құрғақ уәде мен жалаң ұрандардан арылдық, - Ерлан Қошанов.