Құрғақ шампуннің зиянды тұстары айтылды

7 Қараша 2023, 11:15
660
Бөлісу:
Құрғақ шампуннің зиянды тұстары айтылды

Құрғақ шампуннің құрамына спирт кіреді. Сол себепті мамандар оны жиі қолданбауға кеңес береді. Өйткені салдарынан бас терісінің ылғалдылық балансы бұзылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұдан бөлек, егер мұндай шампунді үш күннен көп қолданса, оның ұсақ бөлшектері бас терісі тесіктерінің бітелуіне, оның қышуына, қабынуына, тіпті шаштың түсуіне әкеп соғуы ықтимал.

Mir24.tv хабарлағандай, аталған шампунді қолдануға қарсы көрсетілімдері бар адамдар да бар. Мәселен глютенге аллергиясы бар адамдарға құрғақ шампунді мүлдем тұтынуға болмайды. Себебі оның құрамында бидай және сұлу ұнтағы бар. Сондай-ақ тері ауруларына шалдыққан адамдарға да оны қолданбауға кеңес беріледі.

Басты жууға мүмкіндік болмаған кезде құрғақ шампуннің көп көмегі тиеді. Бұл экспресс-құрал шашты кептіргенде де көп уақытты үнемдеуға мүмкіндік береді. Дегенмен мұндай шампуннің құрамында қауіпті заттектер болады, - дейді визаждан Ресей және Еуропа чемпионы, стилист Иван Суббота.

Оның сөзінше, қазір көптеген шампуннің құрамы қауіпсіз болып келеді. Шампундер көбінесе сорбенттерден (тальк, жүгері немесе күріш ұнтағы) және парфюмериялық ароматизаторлардан тұрады.

Өзгелердің жаңалығы