Құрбан айт: Алматы аумағында мал сатуға және союға тыйым салынды

27 Шілде 2020, 17:23
3202
Бөлісу:
Құрбан айт: Алматы аумағында мал сатуға және союға тыйым салынды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

Еліміздегі Құрбан айт мерекесін, өкінішке қарай, карантиндік жағдайда өткізуге тура келеді. Қазіргі таңда Алматы бойынша 10 712 коронавируспен ауырып, оның 6 649-ы жазылып шыққан. 73 науқас қайтыс болды. Сондықтан жақын адамдардың және өз отбасымыздың денсаулығын сақтау мақсатында карантин талаптарын ұстануды сұраймыз. Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап, қаулыдағы барлық санитарлық талаптарды сақтауларыңызды сұраймын, - деді Бекшин.

Оның айтуынша, Құрбан айт мерекесінде адам көп жиналады, қазір адамдардың көптеп шоғырлануы үлкен мәселе болып отыр. Алматы қаласында коронавирустық инфекцияға қатысты шектеу қою үшін 24 шілдеде Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің №53 қаулысы жарияланған. Онда Алматы қаласының аумағында Құрбан айт мерекесі күндері коронавирус инфекциясының таралуына ықпал ететін іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны айтылады.

Қаулыда, біріншіден, Алматы қаласы әкімдігі, аудандық әкімдіктер, Полиция департаменті, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы, Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Құрбан айт мерекесін тойлау кезінде 2020 жылғы 31 шілдеден 2 тамыз аралығында тыйым салынсын, - делінген. 

Екіншіден, Алматы қаласы аумағында мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иелігінде мал сатуға, одан бөлек мал сою цехтары мен мал сою базарының жұмысын тоқтату қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы