Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы мемлекеттің қорғаныс, құқық қорғау органдарын қамтамасыз ету үшін бюджеттен 1,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде 2020-2022 жылдарға арналған бюджет туралы заң жобасын таныстырған қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты.
Республикалық бюджет жобасына сәйкес, 2020 жылы құқық қорғау органдарының шығындары 1,456 трлн теңгені құрауы мүмкін. Бұл елдің ЖІӨ-нің 11,4%-ды құрайды. Оның ішінде ІІМ шығындары - 394,1 млрд, арнайы мемлекеттік органдар - 375,1 млрд, қорғаныс министрлігі - 331,8 млрд, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы - 276,2 млрд, және бас прокуратура - 31,9 млрд теңге.
2021 жылы құқық қорғау органдарының шығындары 1,409 трлн теңгеге дейін азаяды деп жоспарлануда. Бұл елдің ЖІӨ-нің 10,7%-ды құрайды. Оның ішінде Ішкі істер министрлігінің шығындары - 388,7 млрд, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы - 374,8 млрд, қорғаныс министрлігі - 314,8 млрд, арнайы мемлекеттік органдар - 256,3 млрд, бас прокуратура - 28,6 млрд теңгені құрайды.
«Қорғаныс пен мемлекет қауіпсіздік қызметі, құқық қорғау қызметі және ішкі тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың қорғалуын және дағдарыс жағдайында басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін үш жылдық мерзімге 4,3 трлн теңге қарастырылған. Оның ішінде 2020 жылға 1,5 трлн теңге бөлуді жоспарлап отырмыз», - деді Берік Шолпанқұлов.
Жалпы, оның айтуынша, үш жылдық кезеңде республикалық бюджеттің кірісі (трансферттерді қоспағанда) 8 трлн теңгені, 2021 жылы - 8,6 трлн теңгені, 2022 жылы - 9,4 трлн теңгені құрайды.