Бұл туралы полицияны білікті кадрлармен жасақтау туралы ІІМ брифингінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ІІМ жүйесінде 5 жоғары оқу орны, 2 оқу орталығы бар. Олар Алматы академиясы, Қарағанды академиясы, Қостанай академиясы, Ақтөбе заң институты, Ұлттық Ұлан академиясы және Шымкент пен Павлодар қаласындағы оқу орталықтары, - деді аға инспектор Ләззат Аманова.
Аға инспектордың айтуынша, оқу орындары бакалавриат, магистратура, докторантура, алғашқы кәсіби даярлық, біліктілікті арттыру және қайта даярлаубойынша мамандарды дайындайды.
Айта кетейік, 2019 жылдан бастап Алматы, Қостанай академиялары мен Ақтөбе заң институтында бакалавриат бағдарламасы бойынша қабылдау тоқтатылды (3.05.19 ж. №242 ПП).
Ішкі Істер министрлігінің жоғары оқу орындарына күндізгі нысанда
2023-2024 оқу жылына қабылдау жоспары
№
Оқу орнының атауы
Мамандандыру бағыты
Қабылдау саны
(жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім базасында)