Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде елде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдеріне ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев пен ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаевтың қатысуымен қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу барысы туралы бірлескен брифинг өткізілді.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Спикерлер өз сөзінде брифингке қатысушыларға қылмыстық істерді объективті тергеуді қамтамасыз ету және ұсталған азаматтардың құқықтарын қорғау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Іс-шара барысында қаңтар оқиғаларының деректі кадрлары көрсетілді.
Дипломаттардың назары оқиғалардың хронологиясына және қылмыстық топтардың, экстремистердің және террористердің қатысуымен бейбіт митингті билікті басып алу әрекетін қамтыған олардың ерекше гибридті формасына аударылды.
Тергеу іс-әрекеттері барысында ұсталған азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қабылданатын шараларға көңіл бөлінді. Адам құқықтарының ықтимал бұзылуы туралы, оның ішінде БАҚ-та жарияланатын барлық хабарламаларды прокуратура органдары тексереді.
«Әрбір факт тиісті құқықтық баға беруімен мұқият тексеріледі», – деп атап өтті Б. Дембаев.
Бұл мәселеде ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілімен, Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесімен тығыз өзара іс-қимыл жасалғаны атап өтілді. «Олармен ықтимал қатыгез қарым-қатынас жағдайларын және медициналық көмек көрсетпеу мақсатында жеткізілген және ұсталған адамдарды ұстау орындарына толық рұқсаты бар» деп көрсетілді.
Іс-шара соңында Бас прокуратура мен ІІМ өкілдері брифингке қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Шетелдік дипломаттар тергеу іс-шаралары туралы мазмұнды ақпарат алу мүмкіндігі үшін алғыс айтып, қаңтар оқиғаларына объективті тергеу жүргізуге бағытталған шараларды қолдады.
Сондай-ақ, брифингке бейнебайланыс арқылы Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінің басшылары қатысты.