Құны 20 млн теңге болатын контрабандалық темекіні сатпақ болғандар ұсталды

24 Маусым 2022, 16:05
1470
Бөлісу:
Құны 20 млн теңге болатын контрабандалық темекіні сатпақ болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 миллион теңгеге контрабандалық темекі өнімдерін Көкшетау қаласының дүкендерінде сатпақ болған.

ҚМА Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

«Газель» маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Темекі өнімдері көлікке Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әмір» әмбебап базарының аумағында тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген, - делінген хабарламада.

Жедел іздестіру кезінде сол маркадағы темекілер табылды. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңге болған. 

КПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы