Құмар ойынға тәуелділік героиннен де күшті. Депутат тәуелді адамдарды мәжбүрлеп емдеу туралы айтты

15 Маусым 2022, 12:18
2398
Бөлісу:
Құмар ойынға тәуелділік героиннен де күшті. Депутат тәуелді адамдарды мәжбүрлеп емдеу туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанова Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құмар ойындардың психикалық ауру екенін ресми түрде бұрын мойындады. Ол аурулардың және денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық классификациясына қосылған. Бүгінгі күні әлемдік медицина тәжірибесі құмар ойындарды нашақорлық және алкоголизм сияқты эмоционалдық тәуелділік екенін растап отыр. АҚШ Ұлттық құмар ойындар қауымдастығының зерттеулері көрсеткендей, әлемдегі кез келген қала тұрғынының қылмыскерге айналу мүмкіндігі 6%-ды, маскүнемдікке 34%, нашақорлыққа 32% және ойыншыға 48%-ды құрайды. Құмар ойындарға тәуелділік, сарапшылардың пікірінше, героиннен де күшті. Біз оның Қазақстандағы зардаптарын үнемі байқап келеміз, - деді Рамазанова. 

Депутат заң жобасындағы норманы да мысалға алды.

 «Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында: «Өз еркімен емдеуден жалтарған алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастар стационарлық емдеуге міндетті түрде жатқызылады. Емделу кезеңіне жұмысқа тарта отырып, денсаулық сақтау жүйесін мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымдарда емдеу керек» делінген, - деді Ләззат Рамазанова. 

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі ойынға тәуелді науқастарды мәжбүрлеп емдеуді енгізу бойынша ешқандай шара қолданбайды. 

Құмар ойындарға деген құштарлық өте нақты мәселелерге әкеліп соқтырса да: тұрақсыз қарыздар (қазақстандық құмаршының орташа қарызы 10 миллион теңгеден басталады), ажырасулар (Қазақстандағы 10 жұптың 7-і құмар ойынына байланысты ажырасады), қылмыстық құқық бұзу және өзін-өзі өлтіру жағдайлары (құмар ойыншылар жиі физикалық күш көрсетумен қорқытады).Қазіргі уақытта депутаттар «Жастар саясаты туралы» заң жобасы аясында қолданыстағы нормалар орындалмай жатқандықтан, букмекерлік қызметтердің жарнамасына тыйым салу бойынша қосымша заңнамалық шараларды ұсынып үлгерді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Жасөспірімнің өзі тәуелділікке қарсы тұруы керек, - деді ол. 

Депутат құмар ойындармен күресу бойынша кешенді шараларды ұсынды. 

Атап айтқанда:

-ойын бизнесін тарату және жарнамалау саласындағы заңнаманың орындалуына бақылауды күшейту;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің жұмыс жоспарларында балалар мен жасөспірімдер арасында құмар ойындардың алдын алу бойынша арнайы бағдарламаларды көздесін;

- медицина қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аясында ойынға тәуелділіктің алдын алу мен емдеуді қамтамасыз ету;

-Балалар мен жастарда құмар ойындарға тәуелділіктің бар-жоғына жүйелі түрде зерттеулер жүргізу, сондай-ақ олардың арасында мұндай тәуелділікке бейімділігін анықтау.

Өзгелердің жаңалығы