Құмар Ақсақалов: Кезекте тұрған халықты ойлаңдар

23 Мамыр 2023, 20:15
738
Бөлісу:
Құмар Ақсақалов: Кезекте тұрған халықты ойлаңдар
Фото: автордан

Құмар Ақсақалов облыстың бұрынғы әкімі Архимедтен қалған «Қонай» шағын ауданындағы проблемалы тұрғын үйлердің құрылысын тез арада аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.

Облыс беделіне сын келтіріп, сақалды құрылысқа айналған көпқабатты үйлер осы жылдың соңына дейін ел игілігіне берілуі тиіс. Салынған бері бағы ашылмаған бұл шағын аудандағы жаңа көпқабатты үйлер бұл күнде облыстың экс-әкімі Архимед Мұхамбетовтың бейне бір артына қалдырып кеткен естелік қолтаңбасы секілді. Олай дейтініміз «Қонай» шағын ауданындағы 19 тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылдан бері жүріп жатыр. Халықты қоныстандыру уақытын шегерумен әкімдік, кезегін күткен тұрғындарда сол жылдардан бері сабылып жүр. Неге екені белгісіз Архимед мырзаның сол кезде көңілінен шықпаған тұрғын үйді салып жатқан мердігердің жұмысы үнемі айқай-шу, сот ортырыстарымен қатар жүріп келді.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құрылыс салушы мердігерлерге осы жылдың ішінде барлық жұмысты аяқтап, мәселенің нүктесін қоюға қатаң түрде міндеттеді. Қонайда 17і үйді «Ақтөбе Сәулет» ЖШС салуда. Оның тоғызы пайдалануға берілген. Қалған сегізінің құрылысы жүріп жатыр. Екі үйді «Марал құрылыс» ЖШС салуда.

Құмар Ақсақалов: Кезекте тұрған халықты ойлаңдар

Салынып жатқан 19 үйдің біреуі қоғамның әлжуаз топтарына арналған баспана. Қазір оның 95 пайызы дайын тұр. Дәл осы нысанның қасында Қостанай облысы әкімі құрылыс салушылармен кездесу өткізді.

Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Руслан Қатпаев жалға берілетін үй халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасыларға бөлінетінін хабарлады. Сонымен қатар алдағы уақытта жоспар бойынша «Қонай» шағын ауданында 1350 пәтерлік тағы 35 қабатты тұрғын үй салу ойда бар. Құрылыс салушы «Регалит» ЖШС қазірдің өзінде 10 үйдің құрылысын бастап кетті. Бір үйді «Теплотранс» ЖШС салуда.

Құмар Ақсақалов «Ақтөбе Сәулет» ЖШС құрылыс барысын сұрап, нысандарда небәрі 15 адам жұмыс істейтінін білді. Бұл облыс басшысының ашуын келтірді. Осыдан болар Құмар Ақсақалов сұрақты төтесінен қойды.

Сіздердің ойларыңызда не барын мен түсінбеймін. Құрылыс жұмыстары созылып кетті. Бір нәтиже жоқ. Тағы қанша жыл осы үйлерді саласыздар?!,- деп нақты іске көшуді талап етті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімінің өткіз сұрақтарына жауап таппай жалтақтаған мердігер келесідегідей уәждерді алға тарты.

Құмар Ақсақалов: Кезекте тұрған халықты ойлаңдар

Біздің компания кезең-кезеңімен құрылыс жүргізуде. Қызметкерлер аяқталғаннан кейін бір үйден екінші үйге ауысады, - деп жауап берді «Ақтөбе Сәулет» ЖШС-ның өңірлік директоры Эркин Саидмуратов.

Жауапқа қанағаттанбаған аймақ басшысы үйлерді жыл соңына дейін тапсыру керегін еске салды.

Біз осы үйлерге қомақты қаржы бөлдік. Бірақ сіздердің тараптан тағы да мерзімдерді кешіктіреме деген үйрей басым. Сегіз бірдей көпқабатты үйді небәрі 15 адам салып жатыр. Бұл компанияның тарапынан бізді мазақ ету ме?, - деді облыс әкімі.

Жиынға қатысқан техникалық қадағалау өкілдері құрылысқа он адамнан тұратын екі звенодан кем емес жұмысшылар керегін айтты.

Біз сіздерді қолдадық. Құрылысқа тағы қосымша ақша қостық. Енді қызметкерлердің штатын ұлғайтып, құрылысты көрсетілген мерзімде аяқтауы керек. Ең бастысы, қаржы мәселесі шешілді. Бірақ осылай жұмысты жалғастыра берсеңіздер біз шартты бұзамыз. Ондан кейін ешқайда құрылыс сала алмайсыздар. Адамдар өз пәтерлерін күтуде, - деп жалғастырды Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов Қостанай әкімдігіне мердігерлердің жұмысын толық және күнделікті бақылауға алуды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы