Құлсарыға Ақтау мен Атырау қалаларынан қосымша көмек жіберілді

5 Сәуір 2024, 19:19
597
Бөлісу:
Құлсарыға Ақтау мен Атырау қалаларынан қосымша көмек жіберілді
VIDEO
Фото: скрин

ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева Атырау облысындағы су тасқыны жағдайы бойынша сағат 19:00-гі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысындағы су тасқыны жағдайы туралы сағат 19.00-дегі ақпарат.

Қазіргі уақытта Құлсары қаласынан Атырау қаласына тұрғындарды эвакуациялау жүргізіліп жаты. Бұл үшін жолаушылар пойызы тартылған. Осы сағатқа дейін 2000 астам жергілікті тұрғын эвакуацияланды.

Құлсары қаласында 600 астам жеке тұрғын үй су астында қалды. Елді мекенде авариялық-құтқару жұмыстарына 745 адам және 280 техника жұмылдырылды. 4 мыңнан астам еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылды. Атырау қаласынан Құлсарға қосымша күш пен құралдар жіберілді.
Жем өзенінің су өткізу қабілетін арттыру үшін жару жұмыстары жүргізілуде.

Жағалауды нығайту үшін инертті материалдар салынған қаптар қойылуда.

Өзгелердің жаңалығы