Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда

6 Сәуір 2024, 10:44
399
Бөлісу:
Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда

Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялау тоқтаусыз жүруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылыой ауданының орталығында полиция қызметкерлері басқа да жауапты мекемелердің өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуде.

Үйлерін тастап қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған аудандарда қоғамдық тәртіп ерекше бақылауға алынды. Атырау облысы Полиция департаментінің жүздеген қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары тұрғындармен бірге 19 учаскеде тасқын су жағалауын бекіту жұмыстарына жұмылдырылған.

Су полициясының қызметкерлері де эвакуациялау шараларына тартылды.

Өзгелердің жаңалығы