Құлсары қаласындағы су басқан аймақтардан су шығару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған жұмыстарға Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және өндірістік мекемелердің күш құралдары жұмылдырылуда.
3 мамырдағы жағдай бойынша, шығарылған судың жалпы көлемі 3 миллион 500 мың текше метрді құрайды, - делінген Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратқан ақпаратта.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2723 тұрғын үй ауласы және 257 кәсіпкерлік, 29 әлеуметтік нысан аумағы судан тазартылды.