Құлсары қаласында 2256 тұрғын, оның ішінде 446 бала эвакуацияланды

5 Сәуір 2024, 19:43
570
Бөлісу:
Құлсары қаласында 2256 тұрғын, оның ішінде 446 бала эвакуацияланды
Фото: скрин

Жылыой ауданындағы Жем өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Құрсай каналы өз арнасынан тасып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта 347-ге тарта ТЖД, ЖАО қызметкерлері, полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер және 4640 еріктілер мен ауыл тұрғындары, сонымен қатар 148 бірлік техника, 3 жүзу құралы бөгеттерді нығайту жұмыстарына жұмылдырылды.

1 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін 45 452 дана қап қапталып, 174 000 тонна инертті материал төселді.

Жылыой ауданы Құлсары қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстарымен қатар қала тұрғындарын эвакуациялау күшейтулі түрде жүзеге асырылуда.

Жылыой ауданы Құлсары қаласында 2256 тұрғыны, оның ішінде 446 бала эвакуацияланып, қабылдау бөлімшелеріне көшірілді.

№1 орта мектеп 511 тұрғын, оның 113 бала;
№2 орта мектеп 24 тұрғын, оның 13 бала;
№6 орта мектеп 28 тұрғын, оның 18 бала;
№8 орта мектеп 1000 тұрғыннан астам;
№9 орта мектеп 220 тұрғын, оның 100 бала;
№15 орта мектеп 60 тұрғын;
№18 орта мектеп 406 тұрғын, оның 200 бала;
№23 орта мектеп 7 тұрғын, оның 2 бала.

Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы Жадырасын ықшам ауданы, Әуежай , Вахталық және № 2, 3, 5 ықшам аудандарында Жылыой ауданы әкімдігінің хабарлауы бойынша 500- ге жуық жер үйді және инфрақұрылымдарды су басты, - делінген Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы