Құлсары қаласы 2024 жылы халқының 2,6 пайызын жоғалтты

Бүгiн, 05:37
358
Бөлісу:
Құлсары қаласы 2024 жылы халқының 2,6 пайызын жоғалтты
Фото: архив

2024 жылы көктемде су басқан Құлсарыда халық саны 1730-ға азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметте көрсетілген.

Жылыой ауданындағы ауыл тұрғындарының саны осы кезеңде 325 адамға азайған.

Өткен жылы Атырау облысында халық саны 6802 адамға көбейген, бұл өсімнің басым бөлігі (5608 адам) Атырау агломерациясының ауылдық жерлеріне тиесілі.

Басқа аудандардағы халық саны аздап өзгерді, бірақ тренд байқалады:

Индер ауданы – 176 адамға азайды;

Исатай ауданы – 179 адамға азайды;

Құрманғазы ауданы – 561 адамға азайды;

Қызылқоға ауданы – 101 адамға азайды;

Мақат ауданы – 226 адамға азайды;

Махамбет ауданы – 291 адамға азайды.

Өзгелердің жаңалығы