Әлеуметтік желілерде Алматы обылысы Тұздыбастау ауылына құдалардың тікұшақпен келіп, доллар шашқан бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бейнероликтің астына пікір қалдырғандардың бірі жақтаса, енді бірі асыра сілтеу екенін айтуда.
Тамаша, әр қазақ осы жағдайға жетсін. «Мұқтаж жандарға бермей ме?» дегендерге айтарым – мүмкін беріп, соның арқасында осындай жағдайға жеткен болар. Сол себептен сырттан сынап-мінеуге асықпайық, – дейді Бекзат Міралиев есімді желі қолданушысы.
Ал кейбіреулері тойға ақшаны атақ үшін шашу тым ерсі екенін айтып жатыр.
Меніңше, бұл тым әбестік. Қазақ онсыз да тойға шашылып жүрген еді, енді мынадан кейін барлығы қайталаймыз деп шығынға батпасына кім кепіл? Болашақта осылай құдалыққа келемін деп есіретін адамдардың қатары көбеймек, – дейді Бауыржан Рахманов.
Ал Алматы облысы полиция депаратаменті қазір жеке әуе компаниялардың көп екенін, видеода ешқандай заңбұзушылық жоқ екенін айтты.