Қуантыров Қазақстанның көміртегі бейтараптығына көшуі бойынша кеңес өткізді

18 Ақпан 2022, 09:17
1089
Бөлісу:
Қуантыров Қазақстанның көміртегі бейтараптығына көшуі бойынша кеңес өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, Еуразиялық Даму банкі, ЭЫДҰ, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ), Азия даму банкі халықаралық ұйымдары өкілдерімен Көміртегі бейтараптығына көшу жөніндегі жобалық кеңсенің Жұмыс органының онлайн кеңесін өткізді.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Қазақстан экономикалық, технологиялық және әлеуметтік сипаттағы ауқымды өзгерістердің қажеттілігіне байланысты климаттық күн тәртібінің, жаһандық энергияға көшудің маңыздылығын мойындайды. Халықаралық ұйымдар Қазақстанның төменкөміртектік дамуға көшуіне едәуір қолдау көрсетеді.

Ұлттық экономика министрлігі Көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің 2060 жылға дейінгі стратегиясының жобасын пысықтау жөніндегі жұмыс шеңберінде Қазақстанның төменкөміртегі бейтараптығына көшуінің кешенді пайымын қамтамасыз ету және келісілген іс-қимыл жоспарын қалыптастыру мақсатында халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын біріктіруді жоспарлап отыр,- деді министр.

Кеңеске қатысушылар көміртекті реттеу жүйесін құру бойынша бірлескен жұмысты үйлестіре отырып, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мәселесі қызметін келісуге шешім қабылдады. Бұл ретте, барлық жұмыс көміртекті реттеу жүйесін құру кезіндегі тұтастықты сақтау мақсатында Стратегияны пысықтау бойынша Жобалау офисінің Жұмыс органында үйлестіріледі.

Өзгелердің жаңалығы