Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады

11 Қараша 2024, 00:23
4342
Бөлісу:
Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады
Фото: Артём Чурсинов -архив

Желіде жұбайын өлтіргені үшін сотталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желіде сотталушы Қуандық Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат таралуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр, - деп атап өтті комитеттен.

ҚАЖК азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Аталған жалған ақпараттың таралуына қатысты қылмыстық іс қозғалды және кінәлілер жауапкершілікке тартылады, - деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Еске салайық, 2023 жылы 9 қарашада Салтанат Нүкенова кісі қолынан қаза болды. Сот бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты кінәлі деп тауып, 24 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ экс-шенеуніктің туысы, «Гастро-орталықтың» директоры Бақытжан Байжанов ҚР ҚК 432-бабы бойынша 4 жылға сотталды.

Өзгелердің жаңалығы