Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚТЖ-ның орталық аппаратында ішкі кешенді талдау жүргізіледі.
Бұл туралы "Адал жол" жобалық кеңсесінің менеджері Камалдин Жақпаров "AntikorLive" алаңында мәлімдеді.
ҚТЖ-ның орталық аппараты мен ведомствоға қарасты ұйымдарда ішкі кешенді талдау жүргізіледі. Бұл жемқорлықты жою мақсатында іске асырылатын шара. Іс-шараға әртүрлі қауымдастықтар мен қоғамдық ұйымдарды тартамыз. Сарапшылардың пікірін жинаймыз. Осы жүйеде туындаған қиындықтар бойынша азаматтардың қалауын ескереміз, - деді ол.Аталған талдау ҚТЖ-ның қызметімен бірлесіп жүзеге асырылатынын айтты.
Жұмыс өте ауқымды. Кешенді талдау бойынша қол жеткізілген нәтижелермен алдағы уақытта бөлісіп отырамыз, - деді "Адал жол" жобалық кеңсесінің менеджері.
Айта кетейік, отырыс барысында Қамалдин Жақпаров адамдардың face-id-ы арқылы билетсіз жолаушыларды анықтайтын жүйе іске қосылатынын хабарлады.