Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ҚТЖ "HR-бренд 2025" байқауында жүлделі орынға ие болды

1 Тамыз 2025, 11:52
840
Бөлісу:
 "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ
Фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Іріктеу шебері" ("Персоналды іріктеу шебері") номинациясы бойынша "HR-бренд 2025" корпоративтік конкурсының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты марапаттау рәсімі "Самұрық-Қазына" АҚ-да өтті, онда қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ҚТЖ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке грамота табыс етті.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, байқау компаниялар тобының HR-тәсілдерінің жоғары деңгейі мен жетілгендігін, сондай-ақ адами капиталға инвестициялау стратегиясының тиімділігін растады. 

Байқау мақсаты – үздік HR-тәжірибелерді анықтау және тарату. Оған бес номинация бойынша 25 кейс: кадрларды іріктеу, таланттарды дамыту, цифрландыру, қызметкерлерді тарту және басқарудың инновациялық әдістерін ұсынған 9 компания қатысты.

Қатысушылар жобалары заманауи сын – қатерлер мен құндылықтарды-инклюзивтілікті, цифрландыруды және әлеуметтік жауапкершілікті көрсетеді. Жұмысшы мен тұрақты жұмыс ортасы басты назарда.

Конкурс тиімді HR-тәжірибелер мен еңбекті құрметтеу мәдениетін ілгерілету үшін жыл сайынғы алаңға айналады.

Өзгелердің жаңалығы