ҚТЖ филиалында жұмыс істеген "өлі жандар" әшкереленді

20 Қазан 2024, 23:12
513
Бөлісу:
ҚТЖ филиалында жұмыс істеген "өлі жандар" әшкереленді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

ҚТЖ ревизорлық комиссиясы ішкі тексерулер барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметінің (өлі жандар) фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

Осы фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында 21 млн теңге шығын дәлелденді. Филиал басшысының тапсырмасы бойынша формальды жұмыспен қамтылған адамдар жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны анықталды, - деп атап өтті компаниядан.

ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды.

Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы