"Қазақстан темір жолы" АҚ, L. A. C. Holding(Венгрия) және Xi ' an Free Trade PortConstruction and Operation Co., Ltd (Қытай)Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжатқа Будапештте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Венгрияға мемлекеттік сапары аясында қол қойылды.
Тараптар Будапешт қаласында бірлескен интермодальды жүк терминалын құруға келісті.Венгрия астанасында Еуропа бойынша мультимодальды тасымалдауды жүзеге асыру үшін дамыған көлік желісі бар. Қуаттылығы жылына 230 мың ЖФЭ терминалы ТХКБ бойынша транзитті қоса алғанда, Қытай –Еуропа – Қытай бағытымен контейнерлік пойыздардың санын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру жеткізу мерзімдерін қысқартуға, тасымалдардың өзіндік құнын және шамадан тыс жүктеме уақытын төмендетуге ықпал ететін болады.
ҚТЖ шетелде өзінің қатысуын белсенді түрде кеңейтуде. Негізгі көлік дәліздері бойында терминалдық желіні қалыптастыру Мемлекет басшысының Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретіндегі Қазақстанның позициясын күшейту бойынша алға қойған маңызды міндетін шешуге ықпал етеді.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
ҚТЖ Еуропадағы терминалдық желіні кеңейтеді

-
1Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады14942Ата-анасыз неке қиюға бола ма? - Нұрлан имам жауап берді10503Жәнібек Әлімханұлы Астанадағы жекпе-жегінен соң күтпеген мәлімдеме жасады9184Британдық барлау: Ресейдің әскері әлсіреп барады8625Шаңды дауыл, жаңбыр: бүгін елімізде ауа райы қандай болады831