ҚТЖ-да су тасқынына қарсы 45 пойыз жасақталды

5 Сәуір 2022, 22:02
1539
Бөлісу:
ҚТЖ-да су тасқынына қарсы 45 пойыз жасақталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚТЖ»ҰК»АҚ-да пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысы, желідегі жолдар мен жасанды құрылыстарды уақытылы дайындау үшін ұйымдастырушылық-техникалық шаралар әзірленді. 

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қарғын суды өткізу бойынша өткен жылдар тәжірибесі алдын ала сарапталды. Сол арқылы барлық өңірдегі 673 қауіпті жердің (құбырлар, көпірлер, жер төсемдері) тізімі анықталды. Соның негізінде су тасқыны болатын кезеңде бақылау күшейтіліп, тәулік бойына кезекшіліктер ұйымдастырылды, қосымша тексерулер жүргізілді. Көпірлер, құбырлар, дренажды құдықтардың саңылаулары қардан тазартылып, таулы және су бұрғыш жыралар, астаулар және кюветтер қардан аршылды. 

Жасанды құрылыстар 100% қардан тазаланды. Сонымен қоса шойтасы, рельс пакеттері, кондицияға сәйкес емес темір бетон шпалдары бар су тасқынына қарсы 45 пойыз жасақталды. Сондай-ақ мұзды жару және қар көшкінін түсіру бойынша бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуге келісімшарттар жасалды. 

Аумақтық атқарушы органдар және төтенше жағдайлар бойынша басқармалармен бірге су қоймалары мен ауыл шаруашылығы бөгендерінің жағдайы тексерілді. Теміржол төсемдерінен жоғары 83 бөген мен су қоймасы орналасқан. 

Барлық бөлімшелер және дистанцияларда жанар-жағар май материалдарының қоры бар автомашиналарды қоса алғанда көлік құралдарының дайындығы талапқа сай етілді. 

Өзгелердің жаңалығы