2022 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы темір жол көлігімен тасымалдаудың жалпы көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 4 есеге өсіп, 3 млн тоннадан асты, деп хабарлады BAQ.KZ.
Астық, тау-кен металлургия өнімдерін тасымалдау артқан. Ең жоғары өсім-Қазақстаннан, оның ішінде Әзірбайжан арқылы экспорт 7 есеге артып, 2,7 млн тоннаға жеткен.
2023 жылдың 1 тоқсанында елдер арасындағы тасымалдар да оң серпінді көрсетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40% астамға артты.
ТХКБ (транскаспий халықаралық көлік бағыты) қатысушылары арасындағы операцияларды синхрондау мақсатында Әзербайжан тарапымен бірлесіп қозғалысты жоспарлау және үйлестіру үшін виртуалды диспетчерлік орталық құрылды, бұл жүктердің қозғалысы туралы мемлекетаралық ақпарат алмасуды жақсартуға мүмкіндік береді.
Жалпы, тараптар ТХКБ дәлізін ынталандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ - Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін ашу дамудың басты векторларының бірі, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.