ҚТЖ арқылы қыркүйекте 1 млн тоннадан астам көмір жеткізілді

7 Қазан 2024, 18:01
296
Бөлісу:
ҚТЖ арқылы қыркүйекте 1 млн тоннадан астам көмір жеткізілді
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Қыркүйек айында тұрғындар мен коммуналдық-тұрмыстық сектор кәсіпорындары үшін темір жол көлігімен 1 млн тоннадан астам тас көмір жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% жоғары. 2024 жылдың мамырынан қыркүйегіне дейін жылыту маусымына дайындық аясында 2,7 млн тоннадан астам көмір тиелді. 

Көмір операторларының қоймаларында тұрғындар үшін шамамен 582 мың тонна көмір жинақталған, бұл жергілікті атқарушы органдар деректерімен расталады. Энергетикалық және коммуналдық-тұрмыстық көмірдің барлық жөнелтілімдері вагондардың қажетті санымен қамтамасыз етілген, тиеу және тасымалдау процесі ҚТЖ тұрақты бақылауында, - делінген ақпаратта.

Көмірдің үздіксіз жеткізілуін және жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін ҚТЖ ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп әкімдіктер мен көмір өндіруші кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен күнделікті жедел кеңестер өткізуде.

Өзгелердің жаңалығы