ҚСЗИ-да сайлаудың маңызы мен Қазақстанның саяси реструктуризациясы талқыланды

14 Наурыз 2023, 23:34
1179
Бөлісу:
ҚСЗИ-да сайлаудың маңызы мен Қазақстанның саяси реструктуризациясы талқыланды

ҚСЗИ Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында «Саяси реформалар: жаңа саяси модельге көшу» сарапшылар талқылауын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шарада Президенттік саяси реформаларды жүзеге асыру аясындағы сайлаудың маңызы мен Қазақстанның саяси реструктуризациясы талқыланды.

Талқылау барысында ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина саяси реформаларды жүзеге асырудың бірнеше аспектілеріне тоқталды.

Біріншіден, саяси партияларды тіркеудің жаңа ережелері жаңа партиялардың пайда болуына бәсекелестік орта қалыптастырды. Ал қазірдің өзінде заңнамалық жаңалықтарға сәйкес екі жаңа партия пайда болды. Екіншіден, осы сайлау циклі аясында азаматтардың сайлану құқықтары жүзеге асырылды. Бұл ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізудің арқасында мүмкін болды. Сондай-ақ аралас сайлау жүйесіне көшудің арқасында әрбір азамат Парламент пен мәслихат сайлауына қатысу құқығына ие болды. Үшіншіден, бұл саяси институттарды жаңғырту. Бұл жерде сөз тек сандық өзгерістер туралы емес, сонымен қатар Парламент пен жергілікті мәслихаттардың құрамы мен жұмысындағы елеулі өзгерістер туралы болып отыр. Маңызды жаңашылдық –депутаттық мандатты кері қайтарып алу институты. Сөзсіз бұл заң шығарушы органның жұмысына әсер етеді, – деді А.Жолдыбалина.

Өзгелердің жаңалығы