Бұл туралы Үкіметтің Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков берген өтінішіне сәйкес ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген ақпаратта.
Генерал-майор Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.
1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «өрттен қорғану техникасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды (2020 ж.).
1989 жылдан бастап - Семей қаласын күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөліміне бағынысты өрт сөндірушісі.
1993-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарын атқарды.
2008 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары – Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.
2012 жылдан бастап – Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2014жылдан бастап – Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2016 жылдан бастап – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.
2019 жылдан бастап - Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасының бірінші орынбасары.
2020 жылғы қазан айынан бастап - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін атқарды.