Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Пактика және Хост провинцияларында болған жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Ауғанстан халқына көңіл айтты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінен елеулі адам шығынына байланысты ауған халқының қайғысына ортақтасамыз. Қазақстан халқы мен басшылығының атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Қалыпты тіршілікке тезірек оралуға тілектестік білдіреміз, – деген ҚР СІМ көңіл айту хабарламасында.
Айта кетсек, Ауғанстанда 6,1 баллдық жер сілкінісі болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан 280 адам қайтыс болып, тағы 600 адам жарақат алды.