Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ҚР Президентінің сапары: Исламабадта Қазақстан туы мен Тоқаевтың портреттері ілінді

Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

«Борт №1» телеграм-арнасы Исламабадтан видео жариялады. Онда қала Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына қалай дайындалғаны көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Жарияланған кадрларда қаланың жолдары мен көшелері бойында Қазақстан Президентінің сәлемдесу сөздері мен фотосуреттері ілінгенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы желбіреп тұрғанын көруге болады. 

Айта кетейік, 2026 жылғы 3–4 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам Республикасы Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы