Сенат кулуарында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елімізде қосымша құн салығын 20 пайызға көтеруге қатысты пікір білдірді, деп BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, қосылған құн салығын көтеруді Үкімет ұсынған.
28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында бағдарлама жасадым. Ол бағдарламамда қосымша құн салығын 20 пайызға көтеру туралы бір сөз де айтылмаған. Сол себепті осы әңгімені қою керек. Қазіргі таңда бизнес өкілдерімен, сарапшылармен өзара пікір алмасудамыз. Содан кейін Үкімет өзінің шешімін қабылдайды, - деді ол.
Серік Жұманғариннің айтуынша ҚҚС бойынша алдағы аптада алты жұмыс тобы өңірлерге шығады.
Біз бизнес өкілдерімен кездесеміз. Оның ішінде мәслихат депутаттары да бар. Олармен әлі тағы талқылаймыз. Сосын барып қана шешім қабылдаймыз. Қазір ол туралы айтуға ерте, - деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ ол қосымша құн салығын көбейту туралы ұсыныс 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізілетінін атап өтті.
Қазір Мәжілісте Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жатыр. Соған қосымша ретінде біздің түзетулер енеді, - дейді Ұлттық экономика министрі.
Айта кетейік, Сенатор Бекболат Орынбеков қосымша құн салығы мөлшерлемесінің көтерілуі мен әлеуметтік салықты алып тастауға қатысты мәселе көтергені туралы осыған дейін жаздық.