Бұл сұраққа Көлік вице-министрі Талғат Ластаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, ҚҚС көтерілген жағдайда билет бағаларына әсер етпейді.
Темір жол билеттері қымбаттамайды. Пойыздың билеттерін реттейміз. Пойыздағы жолаушылардың билеттері субсидия арқылы қаржыландырылады. Оның тарифтері бақылауда тұр. Авиабилеттерді атап өтсек, олар қымбаттамайды. Неге десеңіз, ол динамикалық баға деген тарифпен қолданылады. Ертерек алсаңыз, билет арзандау болады. Рейстің жақын кезінде алсаңыз, билет қымбаттайды. Әртүрлі баға. ҚҚС көтерілуі әсер етпейді, - деді ол.
Еске сала кетейік, жаңадан салынатын үш әуежайға 118 млрд теңге қаржы жұмсалатыны туралы осыған дейін жаздық. 2024 жылы елімізде 22 халықаралық бағыт бойынша 6 жаңа қалаға 12 рейс ашылды.
Сондай-ақ Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеу бойынша есеп жыл соңында дайын болатыны туралы да жаздық.