Ринат Алюетов «Тұранның» бас бапкері болды

28 Қаңтар 2024, 15:16
593
Бөлісу:
Ринат Алюетов «Тұранның» бас бапкері болды
Фото: kazfootball.kz

Қазақстандық маман Ринат Алюетов «Тұранның» бас бапкері болды, деп хабарлайды BAQ.KZ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ринат Мұратұлы Алюетов – біздің бас бапкер! Ринат Мұратұлы 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында дүниеге келген. Бапкерлік мансабын 2019 жылы «Алтайда» бастады. «Жетісу», «Елімай», «Жеңіс» командаларының бас бапкері қызметін атқарған. Өткен маусымда оның жетекшілігімен астаналық «Жеңіс» клубы Премьер-лигаға шықты, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Тұран» келесі маусымда Александр Фамилцев жаттықтыратын Бірінші лигадан шыққан Премьер-лигада өнер көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы