Қожа, Көксерек: Балалармен бірге көруге болатын картиналар топтамасы

6 Маусым 2024, 15:30
295
Бөлісу:
Қожа, Көксерек: Балалармен бірге көруге болатын картиналар топтамасы
Фото: Әлеуметтік желіден

“Менің атым Қожа”. Бұл - қазақ киносының бойтұмарына арналған картина. Оны бәріміз бала кезімізде көріп өстік. Жалпы балалар да, ата-аналар да сүйіп көретін фильмдер мен мультфильмдер жетерлік. BAQ.KZ тілшісі оқырмандарға баланың ой-өрісіне, дүниетанымына пайдасын тигізетін отандық және әлемдік картиналар тізімін жасады.

Менің атым Қожа

57 жыл бұрын жарық көрген Абдолла Қарсақбаевтың ұлы картинасы қазақ кинематографиясының шоқтығы биік туындыларының бірі. Қандай жас ерекшелігін алып қарасаңыз да, бұл фильмді тамашалауға ынтығып тұратыны бекерден бекер емес. Бұрын түсірілсе де сюжеті мен қызықты оқиғаларымен көрермендерді баурап алған тамаша туынды екенін бәрі мойындайды. Оны кітаптан да оқып, фильмнен де аласыз. Себебі алғашында 1957 жылы повест ретінде қазақ әдебиетінің озық туындыларынан табылған.

Фильмнен қазақ ауылындағы өмірді, ана мен әже мейірімін, пионерлер өмірін, сол заманғы қоғамдық тәртіпті сезіне аласыз.

Қожа, Көксерек: Балалармен бірге көруге болатын картиналар топтамасы
kazpravda.kz

Алты жасар Алпамыс

Қанша заман өтсе де, көрерменін еш жалықтырмай, керісінше сағындыра түсетін фильмнің тарихы сонау 1975 жылдан басталады. 

Қожа, Көксерек: Балалармен бірге көруге болатын картиналар топтамасы
madeniportal.kz

Әліппесін құшақтап алып, ауыл балаларымен бірге мектепке барғысы келетін  Алпамыс  балақай туралы киноны көрмеген жан жоқ шығар. Бұл фильмді тамашалайтын кез келген жастағы көрермен балалық шағын еске түсіріп, әр көрген сайын фильм кейіпкерлерін жаңа қырынан танып отырады.

Көксерек

Көксерек – Мұхтар Әуезовтың “Көксерек” әңгімесінің желісімен түсірілген көркем фильм. Фильм 1973 жылы түсірілді, ал бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеуде өтті. 

Ата-анасынан ерте айырылған Құрмашты нағашы ағасы Аханқұл бауырына басады. Фильмде Құрмаштың көрген қиындықтары, оның ағасы Аханкұлдың қаталдығы, әжесінің мейірімі, Құрмашқа пана болған Хасеннің тағдыры айқын бейнеленген.

Қожа, Көксерек: Балалармен бірге көруге болатын картиналар топтамасы
Әлеуметтік желіден

Фильмнің бас кейіпкері Құрмаш қасқыр бөлтірігін асырап, оған "Көксерек" деп ат қояды. Бөлтірік шамалы есейген соң ауылдың маңына келген өз қандастары - қасқырлардың иісін сезіп, солармен бірге қашып кетеді.

Жан (Soul)

"Жан" мультфильмі көрермендерді таңғажайып жерге жібереді, оның бар екенін ешкім ешқашан білмеген. Біздің тілектеріміз, армандарымыз қай жерде пайда болатыны туралы ойландыңыз ба? Бізді нақты қандай етеді? Мультфильмнің басты кейіпкері - қарапайым мектеп музыка мұғалімі Джо Гарднер. Нью-Йоркте серуендеп жүргенде Гарднер мырза ешкімге белгісіз әлемге, біздің барлық арманымыз, тілегіміз бен қызығушылығымыз пайда болатын жерге түседі. Таңғажайып ғарыштық әлемдерді аралап жүріп, кейіпкер осы қызықты сұрақтардың барлығына біртіндеп жауап алады.

Қожа, Көксерек: Балалармен бірге көруге болатын картиналар топтамасы
gamemag.ru

Алда Гарднер мырзаның ең маңызды оқиғасы – 22 есімді жас жанмен танысуы. Диснейлік мульфильмді қазақ тіліне 2021 жылы аударған болатын.

Гарфилд

Гарфилд - сүйкімді, томпақ, семіз мысық, лазанья атты макорон өнімін және өзін жақсы көреді. Джон - Гарфилдтің қожайыны, ол өзінің үй жануарларының денсаулығын тексеретін ветеринар Лизге ғашық. Жас жігіт өз сезімдерін мектеп кезінен жасырып жүреді, ал мысығы иесін мазақ етіп, оны Лиздің алдында ыңғайсыз жағдайға қояды. Гарфилд өзін бағалайтын жігіттің өміріндегі жалғыз жаратылыс екеніне сенеді. Бірақ бір күні Лиз Джонды Оди есімді тастанды күшікті алуға көндіреді. Қожайыны Джон итті еркелетіп, құшақтағанына мысық қатты ренжиді. Ол Одидің Джонмен байланысын үзу үшін оның өмірін қорқынышты түске айналдырғысы келеді. Алайда, көп ұзамай сұмдық жағдай болады. Оди жоғалып кетеді. Осыдан кейін Гарфилд батыл шешім қабылдайды.

Қожа, Көксерек: Балалармен бірге көруге болатын картиналар топтамасы
dzen.ru

"Ойжұмбақ" (Головоломка)

11 жастағы оқушы Райлидің басында бес негізгі эмоция бар: қуаныш, қайғы, қорқыныш, ашу және жиіркеніш. Олар Райлиге күн сайын оның барлық әрекетін басқарып, қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Аяқ астынан Райли мен оның ата-анасы шағын, жайлы қаладан шулы және адам көп жиналатын мегаполиске көшуге мәжбүр болады.

Осы кезде Райлидің басында хаос басталады. Көшіп болғаннан кейін қызға жаңа өмір бастау және достар табу үшін көп жұмыс істеуге тура келеді.

Қожа, Көксерек: Балалармен бірге көруге болатын картиналар топтамасы
soyuz.ru

Жақында Disney түсірген "Ойжұмбақ" мультфильмінің екінші бөлімі көрерменге жол тартпақ. Картинасын қазақша аударып, дыбыстауға бұл жолы америкалық студияның өзі ниет білдірген. Тіл белсенділері көрерменді мультфильмнен қалмауға үндеп жатыр.

Ақпарат интернет беттерінен алынды.

 

Эльнура Бисенғали

Өзгелердің жаңалығы