Жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі" туралы заңға қол қойды. Осы заң аясында көне шаһарды қандай өзгерістерді күтіп тұрғанын мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түркістан қаласы - рухани астанамыз. Енді қаланың ерекшелігі заңмен де бекітілді. Енді Қожа Ахмет Ясауи кесенесі барынша қорғалатын болады. Мәселен оның айналасындағы 100 метр мен 6 метрден жоғары ғимарат салынбайды. Енді заң бойынша ол жерде бөгде құрылыс жүргізілмейді. Сондай-ақ мақсаттың бірі ескерткіштер резерваты құрылады. Яғни арнайы дизайн-код қабылданады, - деді депутат.
Оның айтуынша, жаңа заң аясында қабылданатын кешенді шаралардан қалаға келетін туристер саны екі есе артпақ.
Рухани астана саналатын Түркістан қаласы болашақта қалай дамитыны жайлы жоспарды "Мінбер" жобасындағы сұхбаттан біле аласыздар.