Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында әскер спортшылары басым түсті

21 Ақпан 2022, 13:49
2525
Бөлісу:
Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында әскер спортшылары басым түсті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел чемпиондары атағы үшін сайыста еліміздің барлық өңірінен келген жекпе-жектің кіл мықты 323 өкілі, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен өзге де күштік құрылымдардың өкілдері бағын сынады.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Армиялық қоян-қолтық ұрыстан жалпы командалық есепте Қарулы Күштер құрамасы айқын жеңіске жетті.

Өз салмақ дәрежесінде Қарулы Күштердің өкілдері Аман Шәкіртов (57 келіге дейін), Айдын Нұридинов (62 келіге дейін), Әсет Анарбаев (73 келіге дейін), Жасұлан Мүсеркенов (88 келіге дейін) және Еламан Қуатов (97 келіден жоғары) жеңімпаз атанды. Күміс жүлделер Арман Ерменбетке (97 келіге дейін) және Ағалы Хасановқа (97 келіден жоғары) бұйырды. Ұлан Кеңесбек (57 келіге дейін), Мәулетбай Захарченов (73 келіге дейін), Бақтияр Қожахметов (80 келіге дейін), Ерасыл Қайрат (88 келіге дейін) және Дәурен Шырынханов (97 келіге дейін) жекпе-жектің қола жүлдегерлері атанды. 

Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында әскер спортшылары басым түсті

Әйелдер арасында армия спортшылары Аян Тұрсын (53 келіге дейін), Сора Рахмонова (64 келіге дейін) және Мереке Жүнісова (70 келіден астам) жеңіс тұғырынан көрінді. Тансұлу Уақитқа (48 келіге дейін) қола бұйырды.

Сондай-ақ Жандос Мадехиянов (57 келіге дейін) спорттық жекпе-жекте ел чемпионы атанды. 

Бұл спорт түрі елімізде өте танымал. Үш күн бойы өткен сайыстың жекпе-жектері тартысқа толы болды. Бұл турнир өз алдына іріктеу турнирі болып табылады. Енді жарыс жеңімпаздары Минскіде қоян-қолтық ұрыстан Еуропа Чемпионатында және Санкт-Петербургте өтетін армиялық қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын болады, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Айталап Құрғамбаев.

Өзгелердің жаңалығы