Қосымша құн салығы көтерілсе, зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өседі?

19 Ақпан 2025, 17:41
620
Бөлісу:
Қосымша құн салығы көтерілсе, зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өседі?
Фото: gov.kz

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин қосымша құн салығы мөлшерлемесі 16 пайыз болса, жалақы бағасы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл бағытта шамамен 800 млрд теңге бөлеміз. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, базалық инфляция деңгейі 7-8% аралығында белгіленген. Сонымен қатар қосымша 3% инфляция болатынын болжап отырмыз. Нәтижесінде, жалпы инфляция деңгейі шамамен 11% болмақ. Біз жыл сайын инфляцияны ескеріп индекстеу жүргізіп келеміз. Бұл жолы қосымша 3% инфляцияны индекстейміз. Сондықтан айлық, зейнетақы және жәрдемақыларға қосымша 3% индекстеу жасалады, - дейді Азамат Әмрин.

Әмрин алдағы екі күнде ҚҚС мөлшерлемесі туралы ұсыныстар Парламентке ұсынылатынын айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 жұмыс тобы бүкіл өңірлерді аралап, бизнеспен, кәсіпкерлермен кездесіп шықты. Сол кездесулерде айтылған ұсыныстарды қазір талдап жатырмыз. Бүгін-ертең ұсыныстарды Парламентке енгіземіз, - деді министрдің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы