Өңір жастарының ерекше қызығушылығын тудырған жастардың спорт додасына қырықтан астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Қостанайдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қостанай облысының жастарынан жасақталған командалар арасындағы суперкубокта волейбол, шағын футбол және баскетболдан өзара үздіктері анықталды.
Бұл жарыста өткен жылдың күзінде аяқталған «Jastar Liga» тұрақты чемпионатында 1 және 2 орын алған командалар арасында «Суперкубок» сарапқа салынды. Нақтысын айтқанда, финалда бір-бірімен ойнаған командалар сынға түсті. Осылайша өткен финалдық ойындарда жеңілген командылр қарымта қайтаруға мүмкіндік туды,- дейді «Шанс» БМ басшысы Марат Даутов.
Осы арада ерекше тоқтала кетер бір жайт, жарысқа 16 мен 30 жас аралығындағы спортшылар қатысуға рұқсат берілді. Баскетбол жарысында «Шансә БМ мен колледж студенттерінен құралған Рудныйдың «Пульс» командасы өзара мықтыларды анықтады.
Екі команды арасындағы теке тірес өтте тартымды болды. «Пульс» ойыншылары тегеруінді қарсылық танытып, оқтын-оқтын алға шығып отырды. Ойындағы интрига соңғы секуантарға дейін сақталды. Дегенмен, шын жүйрікте тұсау жоқ дегендей тәжірибелі «Шанс» БМ командасы 50:47 есебімен жеңіске жетті.
Ал шағын футболда «Салават» (Рудный) пен «Астықжан (Қостанай) командлары арасында ойында «Салават» өте жоғары ойын өрнегін көрсетті. Есеп 9:4 Салаваттың пайдасында.
Волейболда ойындары бес партиядан құралған табанды ойын нәтижесі бойынша суперкубокты «Намыс» (Қостанай) командасы еншіледі. Намыс өткен жылдың қорытындысы бойынша чемпионатта екінші орын алған еді. Бұл жолы ол қарсыласынан есе қайтарды.
Жарыс қорытындысы бойынша командалар кубоктармен және естелік грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ жеңімпаз командалар үздік ойыншыларды анықтап, оларға MVP марапаттарын табыс етті.
Суперкубок нәтижелері:
Баскетболдан турнир жеңімпазы – «ШАНС» БМ (MVP Айдархан Токтаров)
Мини-футболдан жарыстың жеңімпазы - "Салават" (MVPМакар)Кузьмин
Волейболдан жеңімпаз – "Намыс" ВК (MVP Ізбасты Райымбек) алды.