Қостанайлық ұстаздарға бір айлық жалақы сыйлады

19 Мамыр 2023, 19:35
787
Бөлісу:
Қостанайлық ұстаздарға бір айлық жалақы сыйлады
PHOTO
Фото: автордан

Қостанайда республикалық олимпиадалар мен ғылыми конференцияларда жүлдегер болған оқушылар мен ата-аналары қала әкімінің алғыс хатымен, ал оларды дайындаған ұстаздар бір айлық көлемінде сыйақы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.

Дарынды оқушылардың құрметіне өткен салтанатты жиынға облыс намысын аброймен қорғаған қала мектептерінде он төрт оқушысымен олардың ата-аналары және дарынды шәкірттерді тәрбиелеген он екі мұғалім қатысты.

Қостанайлық ұстаздарға бір айлық жалақы сыйлады

Қостанайдағы балалар шығармашылық мектебінің мәжіліс залында өткен жиынға қала әкімі Марат Қонысбайұлы қатысып, оқушылардың жеткен жетістіктері мен ұстаздардың қажырлы еңбегін жоғары бағалады.

Қостанайдың жеті мектебінің он төрт жас таланты қаланың қоржынын он екі жүлдемен толықтырды. Оның ішінде бір алтын, үш күміс және тоғыз қола медаль. Құрметті балалар, сіздер осы беделді марапаттарға аянбай төккен тердің арқасында ие болдыңыздар. Біздің қаламыздан жасақталған команданың кейбір оқушылары Шымкентте қиын сынақтардан өтуге мәжбүр болғанына қарамастан, сіздер білім бәйгесінде озып шықтыңыздар. Жеңіске деген табандылықтарыңыз бен сенімдеріңіз үшін алғыс айтамын, - деді құттықтау сөзінде Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев.

Әсіресе, қала әкімі республикалық кезеңде жүлделі орындарға ие болған олимпиадашылардың арасында бұған дейін осындай нәтиже көрсеткендері бар екенін ерекше атап өтті. Олардың арасында М.Горький атындағы гимназияның 11-сынып оқушылары Светлана Пак пенАнна Хлыстун бар.

Қостанайлық ұстаздарға бір айлық жалақы сыйлады

Екінші жыл қатарынан біз құқықтану саласындағы ғылыми жұмыстардың Республикалық конкурстарында бірінші орын алып отырмыз. Өткен жылы «ҚР қашықтықтан білім беру мәселелері»тақырыбындағы жобаны сәтті қорғадық. Ал «БАҚ-тағы кәмелетке толмағандардың ақпараттық қауіпсіздігін реттеу құқықтары» тақырындағы жұмысты қорғадық. Қазіргі таңда үлкен болсын, кіші болсын қоғамда ақпараттық қауіпсіздік, медиа сауаттылық өте өзекті тақырып. Біз жұмыс барысында цензураға баса назар аудардық. Біздің ғылыми жетекшіміз Ирина Яковлевна Науменкоға алғысымыз шексіз,- дейді М.Горький атындағы гимназияның 11-сынып оқушылары Светлана Пак пенАнна Хлыстун.

Жеңімпаз әр оқушы қала әкімінің атынан алғыс хаттармен және гравертондармен марапатталды. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерді тәрбиелеген педагогтарға бір лауазымдық жалақы мөлшерінде ақшалай сыйлық алуға сертификаттар берілді.

Қостанайлық ұстаздарға бір айлық жалақы сыйлады

Әр олимпиада жүлдегерлерінің ата-анасына қала әкімінің атынан алғыс хат табысталды.

Өзгелердің жаңалығы