Ауа райының нашарлауына және облыстық маңызы бар «Арқалық – Торғай» автожолының жабылуына байланысты Қостанай облысының құтқарушылары төрт азаматқа көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушылар өтімділігі жоғары ТРЭКОЛ техникасы арқылы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп Арқалық қаласына жеткізді. Олардың арасында реаниматолог дәрігер мен жедел жәрдем фельдшері, сондай-ақ 2010 жылы туған жасөспірім мен ер адам мен болды.
Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.