Қостанайлық құтқарушылар 19 адамды балшықтан шығарды

Өткен түнде жауған жаңбыр топырақты шайып, нәтижесінде Новозаливное көлінде дем алғандар өз бетінше үйлеріне жете алмай қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан кадр 4 Тамыз 2024 2024, 16:06
4 Тамыз 2024 2024, 16:06
688
Фото: видеодан кадр

Өткен түнде жауған жаңбыр топырақты шайып, нәтижесінде Новозаливное көлінде дем алғандар өз бетінше үйлеріне жете алмай қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылардың күшімен 7 жеңіл автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп, құтқарылған 19 адам, оның ішінде 3 бала Қостанай қаласына сапарын жалғастырды. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыз!

Наверх