Қостанай облысындағы Көктау ауылы Арқалық қаласының маңында екі пәтерлі жеке тұрғын үйдің шатырында өрт орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрттен сыйымдылығы 27 л. газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарып, өрт толығымен 120 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.