Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қостанай қаласы мәслихатының депутаттарының келісімімен және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің бұйрығымен Марат Күнісбайұлы Жүндібаев Қостанай әкімі болып тағайындалды.
Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Марат Жүндібаев – Қостанай ауданы Новоселовка ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар. 20 жылдан бері Қостанай облысы жергілікті атқарушы органдары құрылымында түрлі қызметтер атқарған, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болған.
Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болған. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қайрат Жұмашұлы Ахметов өз еркімен қызметінен босатылды. Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған қызметі үшін алғыс айтты.