Қостанайдағы зауыт елдегі автокөліктің 61 пайызын шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, елдегі барлық өндірістік автокөлік құралдарының 61 пайызы Қостанай облысында шығарылады.
Жыл басынан бері 35 мыңнан астам автокөлік құрастырылып, оның 7,1 мың бірлігі экспортқа жіберілді. Өңірде жеңіл автокөліктің шығарылатын үлгілерінің желісі үнемі кеңейтіліп отырады. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС жылына 30 мың бірлік автокөлік қуатына ие «Chevrolet Onix» көліктерін өндіру жобасымен жұмыс істейді. Оның құны 23,4 млрд теңгені құрайды. Ол 400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті өңір басшысы.
Сонымен қатар әкім инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін инвесторларды қолдауға өндірістік, көліктік және сервистік инфрақұрылым жетілдіріліп жатқанын айтты.