Қостанайдағы қару дүкенінен шыққан өрттің құрбандары екі адамға жетті

4 Қыркүйек 2022, 12:16
1228
Бөлісу:
Қостанайдағы қару дүкенінен шыққан өрттің құрбандары екі адамға жетті

Бұған дейін хабарлағанымыздай Қостанай қаласындағы Назарбаев даңылында орналасқан қару сататын дүкеннен өр шыққан болатын.  Тілсіз жаудан екі адамның құрбан болғаны белгілі болып отыр деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Өртте қаза тапқан бір адам туралы кеше түс ауа хабарлаған болатын. Енді қару сататын дүкеннен шыққан өртті толық сөндіргенде үйінді асынан тағы бір адамның мүрдесі табылды. Қызыл жалының құрбаны  20 мен 35 жастағы ер адамдар.

Өртеніп жатқан қару сататын дүкеннің жертөлесіне оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан оған кіруге мүмкіндік болмады. Өрттен зардап шеккендердің бар-жоғын анықтау үшін қорғаныш киімдері бар жеке құрамның көмегіне жүгінуге тура келді. Өртті сөндіру кезінде 1981 жылы туған дүкен директоры қалалық ауруханаға жатқызылды. Оның жағдай ауыр. Сондай-ақ, өртенген үйінді астынан 35 және 20 жастағы ер адамдардыңі денелері табылды, - дейді Қостанай облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Қару дүкенінен шыққан өрт кеше сағат 14:29-да ауыздықталып, кешкі 18:42-де толығымен өшіріліпті.

Еске сала кетсек, Қостанай қаласындағы Назарбаев даңғылы бойында орналасқан «Оружейная палата» дүкеніндегі өрт 3 қыркүйек күні сағат 11:20-да басталған. Кейін өрт жанындағы «ЮГ» деп аталатын техникалық қызмет көрсету станциясына, автокөлік бөлшектерін сататын дүкен ғимаратына, асхананы шарпыған. Одан кейін жалын екі қабатты үш коттедж бен олардың шаруашылыққа арналған қосалқы ғиараттарын жалмап үлгеріпті. 6 автокөлік жанып кетті. Өрттің жалпы ауданы 2500 ш.м.

Өзгелердің жаңалығы