Қостанай облысы әкімдігінің ресми ақпараты бойынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің айтуынша, орман өртенген Қарасу және Әулиекөл аудандарының егістік алқаптары бүлінбеген.
Әкімдік бірде-бір ауыл шаруашылығы жерлері зардап шеккен жоқ деді. Анықталған ақпараттың барлығында Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан орман қоры жерлері екені ғана айтылуда. Қазіргі таңда Қостанай облысында төтенше жағдай енгізілді, - дейді вице-министр.
Ол егерде ауыл шаруашылығы егістіктері зардап шегетін болса, тауар өндірушілерге зиян келсе, онда төтенше жағдай есебінен ертеңгі күні шығындары бағаланып, толығымен өтелетін болады деп айтты.