Қостанайдағы өрт: Ұлттық ұлан жауынгерлері құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр

4 Қыркүйек 2022, 13:27
1170
Бөлісу:
Қостанайдағы өрт: Ұлттық ұлан жауынгерлері құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман өрті әлі бой бере емес. Өрт сөндіру жұмыстарына Ұлттық ұланның сарбаздары да көмекке келді деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ. KZ тілшісі.

4 қыркүйек күні Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай, Новонежинка ауылдарының маңындағы орманнан шыққан өрттің тұрғындарға қауіп төндіргені ел тыныштығын күзетіп тұрған жауынгерлерді де бей-жай қалдырмапты.

Аяқ астынан дүйім елді дүрліктірген алапат өртте жергілікті тұрғындарды құтқару жұмыстарына  көмек қолын созу мақсатында Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың бұйрығымен табиғи апат болып жатқан жерге «Орталық» өңірлік қолбасшылығының Қостанай қаласындағы 6697, Көкшетау қаласының 5510 әскери бөлімдерінің жауынгерлері жұмылдырылып отыр.

Қостанайдағы өрт: Ұлттық ұлан жауынгерлері құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр

Құтқару жұмыстарына көмекке келген сарбаздар жағдай департаментімен бірлесе отырып, тәулік бойы қызмет етуде.

Әулиекөл ауданындағы ірі табиғи өртті ауыздықтау жұмыстарына Ұлттық ұланның 400-ге жуық жауынгерлері мен 32 әскери техникасы көмекке келді.  Аталған аумақтағы өртті сөндіру үшін қазірҚостанайда орналасқан 6697 әскери бөлімнен 150-ге жуық , ал Көкшетау қаласында орналасқан  5510 әскери бөлімнен 250-ден астам сарбаз бен  18 әскери техника жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта, сарбаздар тілсіз жаудың одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт ошақтары араларын бөліп, жер жырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қалған бір бөлігі өрт қауіп төндірген ауылдардағы тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру жұмыстарымен айналысуда, - дейді Ұлттық ұланы «Орталық»  өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы аға лейтенант Алияр Дүйсенбай.

Өзгелердің жаңалығы