Қостанайдағы өрт: 30 тұрғын үй мен ірі жанармай базасы жанып жатыр

3 Қыркүйек 2022, 23:22
2297
Бөлісу:
Қостанайдағы өрт: 30 тұрғын үй мен ірі жанармай базасы жанып жатыр
VIDEO

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман өрті  ауздықталар емес. Қазіргі таңда аудан орталығымен іргелес орналасқан Аманқарағай ауданындағы 30 тұрғын үй мен ірі жанармай базасы жанып жатыр деп хабарлайды Қостанай  облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Қолға түскен соңғы ақпартқа сүйексек, сағат түнгі 22:00 дегі жағдай бойынша ауданға қарасты Озерное ауылындағы тұтас бір көшедегі сегіз тұрғын үйөртеніп жатыр. Сұрапылөртті 6 өрт сөндіру көлігі мен 8 су таситын машина жұмыс ітеуде. Ол жерде жанармай сататын жергілікті «KSt Trade» ЖШС-нің 16 қоймасы орналасқан.

Сағат кешкі 17:05-де өрттің. Аманқарағайдағы жанармай базасының әкімшілік ғимараты мен оған жақын маңдағы 30 тұрғын үйге ауысқаны туралы ақпарат келіп түсті. Қазір ол жерде өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр, - дейді осы төтенше жағдайға байланысты құрылған арнай штаптың таратқан мәлімдемесінде.

Сонмен қатар, Қостанайдың іргесіндегі Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін ұзындығы 100 шақырым болатын  Республикалық маңызы бар Р-36 автокөлік жолын жабу туралы шешім қабылданды.

Қостанай облысындағы орман өртін ауыздықтауға көмектесу үшін 98 адамнан тұратын Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД жеке құрамы мен қосымша 15 өрт сөндіру машинасы, 2 адамдар тасуға арналған машина, 1 қызметтік автокөлік көмекке келді.

Сағат 22.00-дегі  жағдайы бойынша Әулиекөл ауылына Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдарының50 адам мен  9 арнайы техникасы келіп жетті. Оның сыртында СҚО ТЖД-нің 50 адамнан тұратын жеке құрамы мен арнайы техникаларыда көмекке келіп үлгерді.

Көршілес жатқан Атабасар және Новоишимка аудандарынан қосымша2 өрт сөндіретін пойызыда тартылып отыр.

Сағат 21:00-ден бастап №51 және №82  екі жолаушылар  пойызы Шолақшы мен Қазанбасы бекттерінде тоқтатылды. Себебі өрттің салдарынан жолуашылардың денсаулығына зиян келуі мүмін.

Өзгелердің жаңалығы