Қостанайдағы автошеру

26 Қазан 2022, 09:45
927
Бөлісу:
Қостанайдағы автошеру
PHOTO
Фото: автордан

Қостанайлықтар Республика күнін араға бір мүшел салып сән- салтанатымен атап өтті, деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ. KZ тілшісі. 

25 қазандағы ұлттық мерекеге арналған думанды шаралардың басы облыс орталығының көшелерімен жүріп өткен автошеруден басталды. Жиырма екі автокөліктен тұатын шеруқала шетіндегі «Астықжан» сауда орталығының алдынан басталды. Көк туымызды жербіреткен көліктер шаһардың басты көшелерімен жүріп орталық алаңға келіп тоқтады. 

Колоннаның негізін автокөлік әуесқойларының екі қауымдастығы «Жауынгерлік классика» мен «Volkswagen.club.kst» мүшелері құрады.

Қостанайдағы автошеру

Біздің қоғамдастық мүшелерінен кеңестік автокөлік өнеркәсібінен шыққан кезкелгентемір тұлпарды кездестіресіз. Шеруге қажет елміздің көк байрағына қалалық әкімдік көмектесті. Автошерудің басты идеясы – отансүйгіштік, елге адалдығымызды көрсету, - дейді «Жауынгерлік классика» қауымдастығының әкімшісі Олег Дробышев.

Көліктер шеруіне Қостанай қаласының тұрғындары ғана емес, көршілес жатқан аудандар мен Рудный қаласының автокөлік иелеріде өз үлестірін қосты. Солардың бірі - Влад  Ксёнз. Ол шеруге 1993 жылы шығарылған ВАЗ 21063 көлігімен Рудныйдан арнайы келіпті. 

Бұл менің алғашқы көлігім, мен оны 2018 жылы сатып алдым. Шеру туралы мен біздің қоғамдастықтың балаларынан білдім. Мен оларды қолдауым керек деп шештім,- дейді Влад. 

Шеруідің тағы бір қатысушысы Марина Генинг. Оныда осы араға құрбылары шақырыпты.

Қостанайдағы автошеру

Мен үшін бұл бірінші автошеру. Оған өте мұқият дайындалдым. Бұл қызықты болды. Біз мерекеде осылай демаламыз әрі тойлаймыз. Бүгін ағамның да туған күні. Сондықтан біздің отбасымызда бұл күн қос мереке, - дейді ол.

Кернейлетіп-сырнайлатқан көліктер колоннасы Абай даңғылы арқылы Тәуелсіздік көшесіне түсіп, содан Баймағамбетов көшесіне бұрылып, қазақ-француз орталығына қарама-қарсы тұрақта  өз жұсыстарын аяқтады.

Қостанайдағы автошеру

Мен автошерулерге 2014 жылдан бастап, бірінші көлігімді сатып алғанан бастап қатысып келемін, Республика күніне арналған шеру менің ойымша әдемі өтті. Түрлі түсті көліктер мен жалаулар ға қала тұрғындары көп мән беркді. Әдетте жол бойындағы жұртшылық  бізге күлімсіреп қарағанының өзі үлкен шабыт сыйлайды», - дейді деді Евгений Марченко.

Автошеругеқатысушылар қолдарына көк байрағымызды ұстап ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы ескерткішінің алдына келіп, рухына тағызып етіп, суретке түсті. Ұйымдастырушылар атап өткендей, ағартушымен бірге түскен суреттің символдық мәні бар екен. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мемлекеттілігінің жаңа кезеңдегі қалыптасуында қайнар бұлағы тәрізді.

Қостанайдағы автошеру

Көліктердің бір бөлігі қаланың орталық көшелерімен жүріп өткеннен кейін облыс әкімдігінің алдындағы алаңға жийналды. Мұнда билік екі көрме ұйымдастырды. Оның біреуі ретро-автомобильдерболса, екіншісі Қостанай кәсіпорындары шығаратын машиналар мен ауылшаруашылық техникаларынан тұрды.

Көрмелер арасында Қазақстанның үлкен туыкңөкке көтерілді. Оны Қостанай автоөндірушілерінің қызметкерлері тігіп, алаңға әкелді.

Қостанайдағы автошеру

«Бұл «Агромашхолдинг»,» Қостанай трактор зауыты» мен «Allur» ЖШС күш біріктіріп жасаған жұмысы. Біз өз қызметкерлерімізбен ту жасауды шештік, ол үлкен болып шықты. Ені 10 метр ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Осы қадамымыз арқылы өз патриотизміңізді көрсетеміз, - деді «Агромашхолдинг»АҚ маркетинг бөлімінің басшысы Батыр Оспанов. 

Көрмені тамашалауға келген қала әкімі Марат Жүндібаевты «Москвич-2140» марклі ақ түсті  ретро көлігі ерекше қызықтырды. Әкесінің жас кезінде университет қабырғасында оқып жүргенде сабаққа бау үшін осындай көлік алып бергенін айтты. 

Бұл менің алғашқы көлігім еді. Менде осымен бірдей болды. тек жасыл түсті. Оны әкем берді. Мен оны студенттік кезімде үшінші және төртінші курстарда оқуға барып  жүрдім. Есімде оның доңғалақтары менжәне радиаторында жиі проблемалары болды. Әйтпесе машина жақсы қызмет етті,- деп еске алды қала әкімі Марат Қонысбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы