Бүгін Қостанай қаласында жылыту маусымы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25 сәуірдегі Қостанай қаласы әкімдігінің №718 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласында жылыту маусымы аяқталды. Бұл шешім орташа тәуліктік температураның (+10°С төмен емес) тұрақталуына байланысты қабылданды, - делінген Қостанай жылу энергетикалық компанияның мәліметінде.
Сонымен бірге алдағы 1-2 күнде елордада жылыту маусымы аяқталуы мүмкін.
Алдағы 1-2 күнде ресми ақпарат шығады. Ережеге сәйкес, бес күн қатарынан +10 градус температура сақталса, онда жылыту маусымы аяқталады, - деп мәлім етті Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.