Қостанайда жүк пойызы мен көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облыстық полиция департаментінің өкілдері болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын түсіндірді.

 11 Шілде 2022 2022, 23:19
11 Шілде 2022 2022, 23:19
1892

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облыстық полиция департаментінің өкілдері болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын түсіндірді.

65 жастағы жүргізуші «ВАЗ» маркалы көлігін тізгіндеп келе жатып, темір жолда бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетпекші болған. Салдарынан жүк пойызымен соқтығысып, автокөлік жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты, – деді ведомстводан.

Полиция жол-көлік апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Наверх